Өзбекстан президенті Қазақстан азаматтарын марапаттады

1864
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/b4d55032-6508-4c5d-9aa8-5fe6a19045e9-960x500.jpeg?token=9f417da59ebf7af89f36f3736313e73d

Өзбекстан президенті Қазақстанның бірнеше шенеуніктерін марапаттады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президент Шавкат Мирзиеев Қазақстанның бірнеше азаматын «Дустлик» («Достық») орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Марапатталған азаматтар қатарында: 1) Қарин Ерлан Тынымбайұлы – мемлекеттік кеңесші; 2) Желдібай Руслан Сұлтанұлы – Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі; 3) Жұманғарин Серік Мақашұлы – вице-премьер; 4) Балаева Аида Ғалымқызы – мәдениет және ақпарат министрі; 5) Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы – Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі; 6) Хашимжанов Икрам Акрамович – Қазақстан Республикасы өзбектерінің этномәдени бірлестігі ассоциациясының төрағасы. Аталмыш марапат азаматтардың екі ел арасындағы өзара достық пен татулықты, бейбітшілік пен сенімді нығайтуға үлес қосқаны үшін табысталған.
Комментарии
Другие материалы