Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров Францияда қамаудан босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы BFMTV-ге сілтеп.
"Telegram негізін қалаушы 24 тамыз күні сенбіде ұсталған соң, сәрсенбі, 28 тамызда полиция қамауынан босатылды", - делінген хабарламада.
Дуров қамауда жалпы төрт күн болды.
Еске сала кетейік, 24 тамызда Дуров Францияның Ле Бурже әуежайында ұсталған болатын. Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дуров Telegram-ның негізін қалаушы ретінде есірткі саудасы, балаларға қарсы қылмыстар мен алаяқтыққа сыбайлас деген күдікке ілінген. 26 тамызда Дуровты Парижде қамауға алу мерзімі ұзартылғаны хабарланды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз