Франция президенті қамауға алынған Дуровтың азаматтығына қатысты пікір білдірді

2457
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/77cc0ea7-ede1-4e2c-81b3-21f3e856ef9e-960x500.jpeg?token=cd0c3665033d749de5f2e5e08d7f846c
Франция президенті Телеграм желісінің негізін қалаушы Павел Дуровқа ел азаматтығын бергендлегі жауапкершілікті мойнына алатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл ақпаратты BFM TV арнасы жариялады. Ал Франция басшысы Макрон мұндай шешімді 2018 жылы қабылдаған.
"Менің ойымша, көрнекті бизнесмендерге, спортшыларға және өнер қайраткерлеріне азаматтық беру дұрыс шешім", - деді Франция басшысы.
Павел Дуров француз төлқұжатын 2021 жылы алған. Telegram негізін қалаушыға елдің құжаты "құрметті шетелдік" ретінде берілген. Айта кетейік, Telegram негізін қалаушы 24 тамыз күні сенбіде ұсталған соң, сәрсенбі, 28 тамызда полиция қамауынан босатылды.
Комментарии
Другие материалы