Ресейде бортында 22 адам болған тікұшақ жоғалып кетті

1613
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/4af34be5-4e6c-4ef3-af39-427b44fbff2c-960x500.jpeg?token=4f5093c482cc013c09dc2bf7a5a9c2eb
Камчаткада Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Шетелдік БАҚ «Витязь-Аэро» әуе компаниясының тікұшағы көздеген жеріне жете алмаған.
«Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы діттеген жеріне келмеді деген хабар түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта үш экипаж мүшесі бар», - делінген  ТАСС ақпаратында.
Жоғалған ұшақта 22 адам болғаны анықталды.
«Камчатка өлкесінде «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8Т тікұшағын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. <…> Тікұшақтың бортында алдын ала мәлімет бойынша 22 адам: 3 экипаж мүшесі және 19 жолаушы бар», - делінген хабарламада.
Комментарии
Другие материалы