12 қыркүйекте Қазақстанның көкпаршылары финалда Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Осылайша ұлттық құрама V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын медалін жеңіп алды.
Бірінші таймда Қырғызстан командасы 3:1 есебімен алға шыққан болатын. Екінші таймда Қазақстан командасы есепті теңестіріп, ойын 4:4 есебімен аяқталды. Қосымша уақыттың 10 минутында Қазақстандық көкпаршы шешуші салым салды. Нәтижесінде есеп 5:4 болып, ел құрамасы жеңіске жетті.
Көкпар турнирінде тоғыз елдің командалары қатысты, ал жалпы спортшылар саны 104 адам болады.
Айта кетейік, көкпар ойыны барысында Қазақстан мен Қырғызстан командасы дауласып қалғанын жазған едік.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз