Ресейде коронавирустың жаңа XES штамы таралып жатыр

2214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/08/koronavirus-960x500.jpg?token=661278a278b2015e218b3aae9c0cef89
Ресейде тұтынушыларды қадағалау органы ел ішінде коронавирустың жаңа штамы тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеп. XES штамының белгілері бұрынғыға ұқсас екені анықталды.
"Алғаш рет 2024 жылдың маусымында Германияда табылған COVID-19 — XEC жаңа нұсқасы FLiRT омикронының бұрынғы субварианттарымен — KS.1.1 және KP.3.3 ұқсастықтары бар", - деп хабарлады Роспотребнадзордың баспасөз қызметі. Коронавирустың жаңа нұсқасы бұрынғылары сияқты тез таралып жатқаны хабарланды. Дәрігерлер ауруды жұқтырғандардардың көбінесе иіс пен тәбеттің жоғалуы, бас ауруы, әлсіздік, жөтел, тамақ ауруы, қызба және мұрынның ағуы сияқты белгілердің болатынын айтады.
Комментарии
Другие материалы