"Шаршағанын айтқан". Ақмола облысында алты баланың анасы қайтыс болды

1125
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-16-at-10.10.53-960x500.jpeg?token=ffb0698c2c871bd6ad09eb31d358cf7b
Ақмола облысының Бестөбе ауылында жетінші баласына жүкті болған 34 жастағы алты баланың анасы жедел жәрдем келгенше қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Қайғылы оқиға 18 қазан күні кешке орын алған. Әйел үйде отбасымен бірге болған. Ол өзін нашар сезініп, шаршап тұрғанын айтып, жатуға бел буған. Содан кейін, туыстары оны өлі күйінде тапқан. Жедел жәрдем дәрігерлері жүктіліктің 34-аптасындағы әйелдің олар келгенше қайтыс болғанын растады. Өлімнің алдын ала себебі - жедел жүрек жеткіліксіздігі. Зорлық-зомбылықтың ізі табылмады. Полицейлер Бестөбе тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын, сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес, өзге мәліметтерді жария етуге болмайды.
Комментарии
Другие материалы