Солтүстікте көлігін 5 минуттан артық қыздырған азаматтың айыппұлы өшірілді

1346
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/kөlik-rөl-960x500.jpeg?token=508719ebb9a8696fede36d2078d5b3be
Солтүстік Қазақстанда Петропавл тұрғынына көлікті бес минуттан астам қыздырғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдың күшін жойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Прокурор полиция жүргізушінің үстінен көлік қою ережесін бұзды деген айыппен толтырылған хаттаманың күшін жойған. Себебі іс қозғала келе, прокуратура полиция тарапынан өрескел процессуалдық қателіктерді анықтады. Хаттама жасаған полицей заң бұзушылықты дәлелдей алмаған. Хаттаманың өзі де заңсыз жасалғаны белгілі болды. Нәтижесінде прокурорлар полицейдің әрекетін заңсыз деп таныды. Іс тоқтатылып, айыппұлдың күші жойылды.
Комментарии
Другие материалы