Мемлекет биыл Ұлттық қордан қанша теңге алады?

1314
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/f0aa09cd-ff54-45fe-ae57-7729f10a82d2-960x500.jpeg?token=493243765f9b8357c74b7c528dd72703
Мемлекет Ұлттық қордан бекітілген үш жылдық бюджет циклына сәйкес бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков биылға кепілдендірілген және нысаналы трансферттер мөлшері бекітіліп қойғанын айтты. Оған сәйкес, кепілдендірілген трансферт 2 трлн теңге, нысаналы трансферт мөлшері 3,1 трлн теңге болады.
2026-2028 жылдарға арналған бюджет кодексінде келесі трансферттер қабылданады.
"Егер мемлекет басшысы қол қойған жағдайда (бюджет кодексіне) былай болады: қазір кепілдендірілген трансферттің мөлшерінің шегі бар болса, нысаналы трансферттікі жоқ. Егер шек қойылса, одан жоғары соманы біз ұлттық қордан ала алмаймыз", – деді Дәурен Темірбеков.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қарашаның нәтижесі бойынша жалпы халықаралық резервтер 105 млрд долларды құрағанын хабарлаған болатын.
Комментарии
Другие материалы