Ақтөбеде 6 жастағы қызға сексуалдық әрекеттер жасап тиіскен азамат өмір бойына сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 6 жасар қыз балаға жасалған сексуалдық әрекетке қатысты үкім шықты. 61 жастағы ер адамның бүлдіршінге көрсеткен азғындық әрекеттері подъездегі бейне бақылау камерасына түскен.
Қылмыскерге қылмыстық кодекстің 121-бабы, яғни сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша айып тағылды. Сот оны кінәлі деп танып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеуге үкім шығарды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз