Көксу өзеніндегі қауіп. Бөгеттер ашылып, жұмыс уақытша тоқтатылды

2027
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/6cc9eba7-7e93-4450-9a49-53c0ea606a03-960x500.jpeg?token=557e1056c620ee0755ad5dae5e4e3635

Кербұлақ ауданы Көксу өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты жоғарғы және төменгі бөгеттер ашылып, гидротехникалық құрылыс нысанындағы жұмыстар тоқтатылды. Бұл туралы Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«2025 жылғы 29 сәуір күні сағат 15:30-да уақытша су өткізетін құрылғыларды орнату жұмыстары барысында ауа температурасының күрт жоғарылауына және су ағынының кенеттен ұлғаюына байланысты Көксу өзенінде судың деңгейі күрт көтерілгені тіркелді. Соның салдарынан уақытша арнадағы су деңгейі жобалық көрсеткіштерден асып түсті. Уақытша арнаның шайылып кетуінің алдын алу және құрылыс техникасының зақымданбауы үшін Көксу өзенінің негізгі арнасындағы жоғарғы және төменгі бөгеттерді ашу туралы жедел шешім қабылданды. Су деңгейі төмендегенге дейін гидротехникалық нысандағы жұмыстар уақытша тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Барлық шаралар қауіпсіздік талаптарына сай жүзеге асырылып жатыр. Жауапты қызметтердің мәліметінше, Көксу өзені адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіп төндірмейді. Жұмыстардың қайта басталуы туралы қосымша хабарланатын болады.

Комментарии
Другие материалы