Албания астанасы Тиранада өткен Еуропалық саяси қауымдастық саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Франция президенті Эммануэль Макронның арасында қызықты жайт орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ria-ға сілтеп.
Түрік журналисі Ибрагим Хаскологлу бұл сәтке әлеуметтік желіде назар аударып, көпшіліктің талқысына себеп болды.
Хаскологлудың жазуынша, кездесуде Макрон Эрдоганға жақындап, оның үстел үстіндегі қолының үстіне өз қолын қойған. Ал Ердоған Макронның саусағынан ұстап алып, ұзақ уақыт бойы жібермей қойған.
Бейнежазбадан көрінгендей, Ердоған алдымен өз қолын тез тартып алып, бірақ Макронның екі саусағын ұстаған. Франция президенті бір саусағын босатып алғанымен, Түркия президенті оның екінші саусағын тағы кемінде он секундтай ұстап отырған. Бұл сәтте Түркия басшысы жайдары жымиып, орнынан тұрмаған.
Түркиялық Yeni Şafak басылымы бұл әрекетті Макронның психологиялық үстемдік орнатуға жасаған әрекеті деп бағалады. Алайда, Ердоғанның бұл ишараға тосын әрі өз стилінде жауап бергені байқалады.
Айта кетейік, бұл саммитте Еуропа елдерінің басшылары жиналып, маңызды келіссөздер жүргізген. Жиын барысында Украина президенті Владимир Зеленский, Германия канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания премьері Кир Стармер, Польша премьері Дональд Туск және Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен болатын.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз