Қазақстанның халық әртісі атанған Әлішер Каримов мәлімдеме жасады

5608
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/photo-output-34-960x500.jpeg?token=c70977e897f6f90611f52c8745a2d56d

Қазақстанның халық әртісі атанған Әлішер Каримов әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, көпшілікке алғыс айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Құрметті ағайын! Бүгін мен үшін тарихи күн – маған «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді. Осы жоғары марапатты Президентіміздің қолынан алу — мен үшін үлкен мәртебе. Бұл марапат мені қолдаған барша тыңдармандарымның және жанашырларымның арқасы деп білемін. Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын»,—деді ол.

Айта кетейік, 20 мамырда президент жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Комментарии
Другие материалы