Мемлекет басшысы Түркіменстан президентімен кездесті

1803
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/73f52402-fd8d-476e-8239-9a015d45d4e1-960x500.jpeg?token=5b4d7735513592c1ba572d9cbccbb22a
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды “Адырна”. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан президентіне ілтипат білдіре отырып, оның бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысуы мемлекетаралық көпқырлы қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілету тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. «Екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән береміз. Экономикалық байланыстарда нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп есептеймін. Басқа да салалар бойынша, әсіресе, мәдени-гуманитарлық бағытта ықпалдастық қарқынды дамып келеді. Күн тәртібіндегі жобаларды жүзеге асыруға қос тарап та күш жұмылдыратынын ескерсек, өзара тиімді қарым-қатынастың келешегі зор», – деді мемлекет басшысы. Президенттің пікірінше, қазір Астана мен Ашхабад арасындағы ынтымақтастық өркендеп, көптеген негізгі салаларда оң динамика байқалады. Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны және «Орталық Азия – Италия» саммитін табысты өткізгені үшін алғыс айтты. «Орталық Азия елдері мен Италия жоғары деңгейдегі осындай форматта тұңғыш рет келіссөз жүргізіп отыр. Саммит қорытындысы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететініне сенімдімін», – деді Түркіменстан президенті. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке ыстық ықыласын жолдап, оның жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.
Комментарии
Другие материалы