Алматыдағы блокпостты соққан жүргізушіге үкім шықты

3347
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/blok.jpeg
Алматыда блокбекетті соғып өткен мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Адырна"  облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қарасай аудандық сотының үкімімен ер адам айыпты деп танылды. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Сондай-ақ, ер адамның сотта кінәсін толықтай мойындағаны айтылады. Сот үкімі заңды күшіне енді. Естеріңізде болса 2 сәуірде ер адам мас күйде Toyota Ipsum көлігімен, Көксай ауылындағы блокпостты соғып, артынан екі көлікпен соқтығысқан.
Комментарии
Другие материалы