Шымкентте «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 11 жағдай тіркелді

2168
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/gen-960x500.jpg?token=c66f5532cdeba0f8bf5415408333edcc
Індетті  Шымкент қаласының 1956 ж., 2004 ж., 1978 ж., 1981 ж., 1977 ж., 1992 ж., 1967 ж., 1946 ж., 1969 ж., 1968 ж., 1979  жылы туған  тұрғындары жұқтырған. импаи

Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Ауру жұқтырған 11 азамат екі отбасының мүшелері. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты үш ошақ анықталды: «Самал-2» шағынауданы, «Тассай» тұрғын алабы және Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығы. 18.04. 2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 57 адам анықталды.

 

Шымкент

Комментарии
Другие материалы