Атырауда жүкті əйел коронавирус ауруына шалдықты

3239
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/test-960x500.png?token=930256e5a939f0807ed6b4f17e37cedb
Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар Атырау облысында 272 адамға жетті. Науқас 1985 жылы туған Шымкент қаласының тумасы. Ол Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің бірінде жұмыс істейді. Жаңадан тіркелген науқастардың қатарында облыстық перинаталдық орталықтың пациенті де бар. Ол 1987 жылы туған. Жəне Теңіз кенішінде  жұмыс істейтін 1957 жылғы ер адам да бар. "63 жастағы ер адам екінші облыстық ауруханаға пневмония, яғни, өкпенің қабынуы диагнозымен жатқызылды", - деп нақтылады төтенше жағдай штабы. Қазіргі кезде аймақта коронавирус инфекциясымен тіркелген адамдар саны 272 -ге жетті. Сауығып шыққандар – 86 адам.

Атырау облысы

Комментарии
Другие материалы