Алматы тұрғындары коммуналдық қызметке 4,5 млрд теңге қарыз

2945
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/26.jpg
Пандемия кезінде алматылықтардың коммуналдық қызметтерге қарызы 2 есе өскен. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық энергетикалық тиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Пандемия кесірінен жарияланған ТЖ нәтижесінде дебиторлық қарыздар 2 есеге артқан. Былтырдың өзінде тұрғындар мен заңды тұлғалардың дебиторлық қарызы 2 млрд теңге болатын. Биыл 4,5 млрд теңгеге жетті. Бұл көбіне пандемияның кесірінен болып отыр. Сондықтан түсіністікпен қарап, осы бағытта жұмысты жалғастырамыз», - деді басқарма басшысы Әсет Масабаев. Спикер қала тұрғындарын борышынан құтылуға шақырды. Қаланың энергетикалық кешенінің жұмысы дебиторлық қарыздардың өтелуіне байланысты болып тұр. Фото ашық дереккөзден алынды.
Комментарии
Другие материалы