Тағы 238 млрд теңге COVID-19-ға жұмсалмақ

2431
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/c1510896-6220-4c1a-8aaa-41222645895c.jpeg
Қазақстан коронавирус инфекциясынан болған пандемияның болжамды екінші толқынымен күресу үшін қосымша 238,7 млрд теңге жұмсайды. Бұ туралы бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «»2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасын» таныстырған Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Айта кетейік, заң жобасын 21-қазан күні Мәжіліс мақұлдаған болатын. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бюджетке нақтылау енгізудің басты міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және COVID-19-дың таралу мүмкіндігінің екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау. «Осы мәселелерді шешу үшін 238,7 млрд. теңге сомасында қосымша қаржы көзделді.Шығыстар мынадай бағыттарға жұмсалады. Атап айтсақ, карантин іс-шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 млрд. теңгеге қосымша ақы төлеу.  Екінші,  тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде COVID – 19-дың таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметтерге ақы төлеуге 83 млрд теңге жұмсау. Үшіншіден,  ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақылар төлеуге 11,7 млрд теңге бөлінеді», -деп       хабарлады  Жамаубаев. Бұдан өзге,  экономиканың нақты секторын дамытуға және күш құрылымдарын әлеуметтік қолдауға 261,7 млрд.теңге сомасында шығыстар көзделген.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы