Теміржол бекеттері қазақша атауын қайта алды

5404
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/16496b045f6dc9576b391c33b3f9725c_xl.jpg
Үкіметтің кезекті қаулысы шығып, бірқатар бекеттердің қазақшасы бері қарады. Бұған дейін 2016 жылы 90 станса, 2018 жылы 64 станса, 2019 жылы 7 стансаның атауы мен жазылуы өзгертілген еді. Бұл туралы Қазақ радиосыны сілтеме жасап, "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. Мысалы, жуырда шыққан жаңа қаулыға сай, бала кезден естіп өскен Яны-Курган енді Жаңақорған болып өзгерді. Тоғыз жолдың торабы Луговой бекеті — Түркісіб болып бекіді т .б. Енді қаулыға сай, ҚТЖ - Қазақстан темір жолы базасын жаңартуы керек. Қазақтың керемет жер-су аттарын барынша бұрмалап, мағынасын майыстыра тағынған темір жол бекеттері қазақшаланды. Толық тізім төменде Транскрипциясы өзгертілген теміржол бекеттері

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Бурул – Бурыл Асса – Аса Жума – Жұма Каратау – Қаратау Актаутас –Ақтаутас Табак-Булак –Табақбұлақ Жанатас – Жаңатас Кумшагал – Құмшағыл Акыр-Тюбе – Ақыртөбе Курагаты – Қорағаты Берлик-1– Бірлік-1 Жидели – Жиделі Кияхты – Қияқты Курмангазы – Құрманғазы Карасай – Қарасай Бурул-Байтал – Бурылбайтал Мын-Арал – Мыңарал Кок-Тобе – Көктөбе Эспе – Еспе Ала-Айгыр – Алаайғыр Кулакшино – Құлақшын Бель – Бел Анрахай – Аңырақай Курдай – Қордай Чокпак – Шақпақ Сурум – Сүрім Куркуреу-су – Күркіреусу Кайратколь –Қайраткөл

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Коктас – Көктас Сары-Шаган – Сарышаған Новалы – Науалы Каражингыл –Қаражыңғыл Ащи су – Ащысу Сары-Кум – Сарықұм Майкудук – Майқұдық Калагир – Құлайғыр

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Аккум – Аққұм Боройнак – Бөріойнақ Яныкорган – Жаңақорған Жаилма – Жайылма Акмая – Ақмая Байгакум – Бәйгеқұм Бактысай – Бақтысай Майлытогай – Майлытоғай Керкелмес – Керікелмес Караирим – Қараиірім Акжар – Ақжар Бостандык – Бостандық Енбекшиказах – Еңбекшіқазақ Сапак – Сапақ Карашеген – Қарашеген

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Тайнча – Тайынша ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ Шорнак – Шорнақ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ Балыкты-Коль – Балықтыкөл Талдынская – Талды Шоптыхак – Шөптіқақ Ушбийк – Үшбиік

АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛГЕН ТЕМІР ЖОЛ БЕКЕТТЕРІ

Компала теміржол станциясы – Көкала теміржол станциясы (Ақтөбе облысы) Луговая теміржол станциясы – Түрксіб теміржол станциясы (Жамбыл облысы) Весна теміржол станциясы – Ақжолтай теміржол станциясы (Қарағанды облысы) Промежуточная теміржол станциясы – Мыңбала теміржол станциясы (Қарағанды облысы) Новоишимская теміржол станциясы – Жаңаесіл теміржол станциясы (СҚО) Володарское теміржол станциясы – Саумалкөл теміржол станциясы (СҚО) Серебрянка теміржол станциясы – Күмістау теміржол станциясы (ШҚО) Селезновка теміржол станциясы – Көкжиек теміржол станциясы (ШҚО) Огневка теміржол станциясы – Таусамалы теміржол станциясы (ШҚО) Зыряновск теміржол станциясы – Алтай теміржол станциясы (ШҚО)
Комментарии
Другие материалы