1-5 сыныптар аралас форматта білім алмақ - БҒМ

2236
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/news_full1599721543cca18d2b825dc3fca1d383a18e1056f4.jpg
1 наурыздан бастап еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес кезекші сыныпта оқып келе жатқан 1-5 сыныптар аралас форматқа көшірілгенін Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Қазіргі таңда оқушылардың 47%-ы дәстүрлі режимде және 53%-ы қашықтан оқыту форматында білім алуда.
"Өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты штаттық немесе қашықтан оқытатын пәндерді әр білім мекемесі өздігінше анықтауға құқылы. Сондай-ақ, БҒМ негізгі пәндерді оқушылардың мектепке келіп, штаттық режимде оқытып, көркем пәндер мен музыканы қашықтан оқытуды ұсынып отыр. Осы бойынша тиісті әдістемелік ұстанымдар жасалып, білім мекемелеріне жеткізілді", - дейді вице-министр.
Шолпан Каринованың айтуынша, әр білім мекемесі 2021 оқыту жылына бекітілген оқыту жоспарына сай оқытуды бастады.
"Ерекше жағдайларда, мысалы оқушылар ауырып қалған немесе науқас адамдармен байланыста болған жағдайларда ата-аналардың өтініші бойынша оқушылардың қашықтан оқыту форматында қалу мүмкіндіктері бар", - деп түсіндірді БҒМ вице-министрі.
Санитарлық режим қатаң сақталуы тиіс.  
Комментарии
Другие материалы