Түркістан: 3 метр құдыққа түсіп кеткен ер адам табылды

2390
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/1487a122-e923-4c16-9f32-06974df2bc5e.jpeg
Түркістан облысында екі күн бұрын жоғалып кеткен Ащысай ауылының тұрғыны табылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне 16 наурыз күні сағат 14.00-де хабар түсті. 1980 жылы туған ер адамның екі күн бұрын мал іздеп шығып, қайта оралмағаны белгілі болды", - деді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкер мен 1 техникасы, 1 полицей мен жоғалған адамның үш туысы жұмылдырылды. 16 наурызда сағат 15.10-да​ құтқарушылар ер адамды жоғалып кеткен аумақтан екі шақырым жерде Көккөз ауылынан тауып алды. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған екен.
Комментарии
Другие материалы