5 мамырдағы мәлімет бойынша елімізде 44 572 адам коронавирус инфекциясынан (44 202 КВИ+ және 370 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ДСМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде 15 015 пациент стационарда, 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 784 адамның жағдайы ауыр, 196 пациенттің жағдайы өте ауыр, 117 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
«Адырна» ұлттық порталы