Қазақстанда, тіпті әлемде баламасы жоқ бірегей театр жайлы бірер сөз!

3436
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/e33bbfbe-ff88-4b63-a402-7d81440b3887.jpeg
Қазақ халқының ұлттық кодтарының бірі — ұлттық өнер. Сонау ықылым заманнан бері қазақпен бірге жасасып келе жатқан ұлттық өнеріміз – Ұлы дала елінің бренді. Әлемге мейманамыз тасып көрсете алатын символымыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», — деген болатын. Қазіргі таңда ұлттық рухқа рең беретін қазақы құндылықтарды дәріптеп, төл өнерді төрге шығаруды негізге алған «Алатау» дәстүрлі өнер театры дәстүрлі ән-жыр, терме, күй, айтыс, ұлттық кино сияқты бағыттарда қызмет көрсетеді. Өзінің бағыты бойынша Қазақстанда, тіпті Әлемде баламасы жоқ бірегей театр деуге болады. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының миссиясы: Ұлттық мәдени дәстүрімізді (дәстүрлі ән өнерімізді, фольклорымызды, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық киімдерімізді) заман талабына сай жаңа формада көрермендерге ұсыну; бүгінгі заман үрдісіне лайықты мәдени орта қалыптыстыру арқылы дәстүрлі өнер брендін дамыту, дәстүрлі өнерге қатысты озық технология үлгілерін енгізу; дәстүрлі өнермен синтезделген театрлық қойылымдардың саны мен сапасын арттыру; жас буынның дәстүрлі өнерге деген қызығушылығын дамыту; көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін қолдауды ұйымдастыру және т.б. Ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Жан – бір асыранды құс, дене – бір қапас. Ол құсқа от, су бермесе, қапаста тұрып аштан өліп қалады, оған қорек беру керек», –дейді. Бізге керегі – жан қуатын барынша жұмсап, жан азығын дұрыс таңдау ғана. Ұлттық бірегейлікті сақтап, өнерімізді өрге сүйрейтіндер көп болғай!

Қуаныш Жұмабекұлы PhD докторы, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы

Комментарии
Другие материалы