Аптап ыстық: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

2540
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/bir-9.jpg
Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райына жасалған болжамын жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Олардың ақпаратынша, 22-24 мамыр күндері елдің барлық аумағы жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
«Еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа температурасы қалыптасады. 24 мамыр күні 30-38 градус аптап ыстық болады, тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында ауа температурасы плюс 25-35 градусты көрсетеді», - дейді синоптиктер.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы