Қостанай облысында мемлекетке келтірілген 1,6 млрд теңге шығын өтелді

2969
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/85ed22b5-b8b9-4d79-ae31-356bd966fae8.jpeg
Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті екі кәсіпорын басшысының жалған шот-фактуралар жазып беру және бюджетке салық төлеуден жалтару әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі. Тергеу барысында «Anast&Asia» ШҚ директоры «Деревянко В.Е.» ЖК жалпы соманың 1% көлеміндегі сыйақы үшін 650 млн теңгеден астам сомаға заңсыз шот-фактура жазып бергені анықталды. Кәсіпорын басшылары 1,5 және 2 жылға сотталды. Бұл Қостанай облысы бойынша жыл басынан бері анықталған осындай 5-ші дерек. Барлық деректер бойынша мемлекетке 1,6 млрд.теңге көлеміндегі залал өтелді.
Комментарии
Другие материалы