Тоқаев: Отандық спортқа барлық жағдай жасалуы тиіс

4885
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/47ac734546316e739161c961e8094c9e-700x466-1.jpg
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жыл сайынғы Жолдау кезінде дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығына тоқталып, отандық спортқа барлық жағдай жасалуы тиіс, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
«Денсаулық кілті – дене шынықтыру. Қайталап айтамын: бұқаралық спортқа, балалар спортына барлық жағдай жасалуы тиіс. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымының кезең-кезеңімен құрылуын қамтамасыз етуі керек», – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Токио Олимпиада нәтижесіне байланысты еліміздегі спорт жағдайын бұдан бөлек тағы бір отырыста қарастыруымыз қажет екендігіне тоқталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы