24 адам метил спиртінен уланып, қайтыс болды

3342
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/4a298e2a-1468-49e0-8149-e36d5ab3198d.jpeg
21 қазанда Ресейдің Свердлов облысында метил спиртінен улану салдарынан қайтыс болғандардың саны 24 адамға жетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұған дейін 18 адамның көз жұмғаны туралы ақпарат жарияланған еді. Құрбандардың ең кішісі 25, ең үлкені 78 жаста болған. Айта кетейік, қазіргі таңда РФ ҚК 238-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Контрафактілік алкоголь сатқан екі күдікті қамауға алынды.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы