Шымкенттік нысана көздеушілер халықаралық турнирде жүлдегер атанды

2265
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/f0d1c9bd-60ea-48b5-b0c5-323fda2a4e92.jpeg
Бангладеште 18 қазан күні өткен нысана көздеуден халықаралық онлайн турнирде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды. Команда сапында Шымкент қаласының спортшылары 1 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізді. Елизавета Безрукова пневматикалық винтовкамен 10 метрге ату жаттығуы бойынша жеңімпаз атанды. Ирина Локтионова пневматикалық тапаншамен 10 метрге көздеу бәсекесінде күміс жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ, Алматы қаласының спортшылары да жүлделі орындарға ие болды. Жарысқа Украина, Бангладеш, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан, Бахрейн елінің өкілдері қатысты.
Комментарии
Другие материалы