Асқар Умаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

2366
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/askar-umarov.jpeg
Асқар Умаров ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Асқар Қуанышұлы Умаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: халықаралық экономикалық қатынастар. Еңбек жолын 1996 жылы жекеменшік компанияда туристерді жөнелту бөлімінің көмекшісі болып бастады. 1997-1998 жж. — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер бөлімінің жетекші маманы. 1998-1999 жж. — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман. 2001-2005 жж. — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі. 2005-2006 жж. — Қазақстан РТРК АҚ – Астана ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының бас редакторы. 2007-2010 жж. — жеке компанияларда басшылық қызметтерді атқарды. 2011-2013 жж. — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті. 2013-2014 жж. — жеке ұйымның креативті директоры. 2014-2015 жж. — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2016-2017 жж. — қоғамдық қордың президенті. 2017-2021 жж. — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры. 2021 жылдың тамызынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеген.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы