ШҚО-да жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кетті

3207
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/vypusk-gruzovyh-vagonov-v-kazahstane-priostanovlen.jpg
Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы "ҰҚ" АҚ (ҚТЖ) баспасөз қызметі. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 
"2022 жылғы 3 сәуір 12 сағат 04 минутта Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Қүмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының  18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 км жылдамдықпен жүрген. Руда тиелген екі вагон Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон "КазцинкТемірТранс" ЖШС-не тиесілі",- делінген хабарламада.
Компания хабарлауынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп-анықтау үшін "ҚТЖ "ҰК"АҚ басшыларынан комиссия құрылды", - ,- деп жазылған компания хабарламасында.

"Адырна" ұлттық порталы

댓글
기타 기사