Амангелді Құрмет “Айқын” газетінің бас редакторы боп тағайындалды

3577
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/4f6f96c2-f307-4fab-b5a2-ba32606e6db9.jpeg
“Айқын” газетінің жаңа бас редакторы тағайындалды. Жаңа орынға Амангелді Құрмет келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Амангелді Құрмет 1979 жылы туған. 1998-2003 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Халықаралық журналистика мамандығын, 2015-2017 Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде магистратураны тәмамдаған. 2003-2006 жылдары «Астана ақшамы» газетінде жауапты хатшының орынбасары; 2006-2012 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Қазақ радиосында шеф-редактор; 2012-2013 жылдары ОҚО әкімі баспасөз қызметінің бас маманы; 2013-2014 жылдары Республикалық «Жебе» газетінің бас редакторы; 2015-2016 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ интернет редакциясының шеф-редакторы; 2016-2018 жылдары «Айқын» газеті Бас редакторының орынбасары; 2018-2019 жылдары Халықаралық Түркі академиясының баспасөз хатшысы; 2019-2020 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде әлеумет бөлімінің жетекшісі; 2020 жылдан қазіргі дейін AIQYN газеті Бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Қазақ, түрік, орыс, ағылшын, моңғол тілін жетік біледі.

“Адырна” ұлттық порталы

댓글
기타 기사