Әдебиетші Темірхан Тебегенов қайтыс болды

5407
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/izobrazhenie_2022-04-12_160502077.png
Әдебиеттанушы, ғалым Тебегенов Темірхан 73 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Ол 1949 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. (2004). Қызылорда пед. ин-тының (Қорқыт Ата атынд. Қызылорда мемл. ун-ті) филология ф-тін (1972) бітірген. Еңбек жолын 1972 ж. Қармақшы ауданындағы Қуаңдария а-ндағы №186 орта мектепте ұстаз болудан бастаған. 1974 – 1981 ж. облысы орт-ндағы №10 Ы.Алтынсарин орта мектебінде тәрбие жұмысының меңгерушісі, 1981 – 1991 ж. Қызылорда пед. ин-тының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында аға оқытушы, қазақ әдебиеті мен араб тілі кафедрасының меңгерушісі, 1992 ж. Халықар. [Қазақ тілі қоғамы]] респ. басқармасының мүшесі, Қызылорда облысы ұйымы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған. 1991 жылдан Абай атынд. Қазақ ұлттық пед. ун-тінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы. Әдебиеттану және қоғамдық-әлеум. түрлі мәселелер бойынша 300-дей ғыл. мақала мен 8 кітаптар жазған. Темірхан Тебегеновтың әдеби-сын, зерттеу еңбектері, өлеңдері респ. басылымдарда, ғыл. жинақтарда, «Қазақстан энциклопедиясында», біршама еңбектері шетелдерде (ҚытайРесейТатарстанТүркия, т.б.) жарық көрген. Марқұмның туыстары мен жақындарына "Адырна" ұжымы қайғыра көңіл айтады.    
댓글
기타 기사