Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болып кіруіне қарсы шықты

4524
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/4f41cc67-8aef-492f-9f35-f95567823cff.jpeg

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жұма күні Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру идеясына теріс қарайтынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Түркия бұл мәселеге оң емес, өйткені Күрдістан жұмысшы партиясының (PKK) мүшелері осы Скандинавия елдерінде белсенді», - деді Ердоған.

Түркияда лаңкестік ұйым деп танылған ПКК өкілдерінің «кейбір елдерде тіпті парламент депутаты» екеніне назар аударды.

«Швеция ПКК мен басқа да лаңкестік топтардың мекеніне айналды», - деп келтіреді түрік ақпарат құралдары Ердоғанның сөзін.

Елдің НАТО-ға кіруі үшін осы одақ құрамында болған барлық елдердің келісімі қажет.

Адырна” ұлттық порталы

댓글
기타 기사