Есіл өзенінде 12 жасар қыз суға батып кетті

2850
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/4dcebb68-70c8-4b97-9e5b-07b1acd711e6-960x500.jpeg?token=63da2c81a06c04a00495d2842fffab75
Есіл өзенінде 12 жасар қыз суға батып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кеше, сағат 19:39-да Аршалы ауданы, Жібек Жолы ауылының Silk Way демалыс аймағында қайғылы оқиға орын алды. 2010 жылы туған қыз ата-анасының қарауынсыз қалып, суға шомылуға жабдықталмаған жерде батып кетті. Шақырту орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді. Қыздың денесі сағат 20:58-де табылып, шығарылды»,– деп жазды ведомство.
댓글
기타 기사