"Қазтеміртранс" филиалының директоры ұсталды

2562
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/080f2342_d6a4_47bd_bbc8_6d5fa676e5ad-960x500.jpeg?token=95ee7396e72a0c8e9c22388197462944
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел бергені үшін жүйелі негізде пара алғанын әшкереледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.
"Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды", — дейді Антикор қызметі.

«Адырна» ұлттық порталы.

댓글
기타 기사