Атырауда үстіне ыстық сорпа төгіп алған 9 жасар бала көз жұмды

4188
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/61713db6-9fc2-4503-aa8f-202af25e2cb0.jpeg
Атырауда үстіне ыстық сорпа төгіп алған 9 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ATPress.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық балалар ауруханасы өкілдерінің мәліметінше, бала 9 маусымда ауруханаға түсіп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Ал 14 маусымда бала қайтыс болды.
"Бала денесінің 50-55% күйіп қалған. Оның жағдайы өте ауыр болды. Біз барлық уақытта астанадағы мамандармен байланыста болып, қажетті емін жасадық. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады", - дейді травматология бөлімінің меңгерушісі Сергей Хван.
댓글
기타 기사