Алматыдағы қонақ үй қазақша қызмет көрсетуден бас тартқан (ВИДЕО)

4349
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/dd203420-925c-4ee3-91f8-84250595a004.jpeg
Депутат Қазыбек Иса қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан қонақ үйді сынға алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Айтуынша, Алматы қаласында орналасқан «Rahat Palace Hotel» шетелдіктерді қонақ үйге орналастыруға алып келген азаматқа мемлекеттік тілде қызмет көрсете алмайтынын жеткізген.
«Тәуелсіз болғанымызға 30 жылдан асса да, мемлекеттік тіл туралы заң жоқ әлі күнге дейін жоқ. Басқа Кеңес одағынан егемендік алған елдің бәрі «Мемлекеттік тіл туралы заң» қабылдап, ұлттық намысты айқындайтын мәселені баяғыда дұрыс шешіп алған. Мемлекет басшысынан бастап, барлығымыз ана тілімізді қорлатпауымыз керек! Қорғауымыз керек! Мен Алматыға енді барғанда ешқандай жұмысым болмаса да, міндетті түрде осы жерге барып, бұл қызметкермен (қонақ үй әкімшілігі шара қабылдап, жұмыстан шығарып жібермесе) мемлекеттік тілде сөйлесемін!»— деді ол. https://youtu.be/rP1DrRAksAc
댓글
기타 기사