Бетперде тағу тағы да талап етіле ме?

2374
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/08/maska-1-960x500.jpg?token=1e55a8dff0387e1bccc47156327671c8
Қазақстанда маска тағу режимі мәселесі коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланбақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Azattyq Ruhy"-на сілтеме жасап. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
— Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Біз оны ведомствоаралық комиссияның қарауына беріп, сол жерде талқылаймыз. Тек маска тағу ғана емес, ПТР-тестін де алып тастаған болатынбыз. Қабылданған шешімді міндетті түрде хабарлаймыз, - деді Ералы Тоғжанов.
Ол сондай-ақ, бүгінгі күннің басты мәселесі екпе жұмыстарын күшейту екенін айтты. Айта кетсек, бүгінгі таңда еліміз бойынша күн сайын шамамен 100-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталып жатыр. COVID-19 вирусын жұқтырғандардың басым көбі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркеліп отыр.   

"Адырна" ұлттық порталы.

댓글
기타 기사