Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштері Израиль аумағынан жасалған шабуылдарға жауап ретінде авиабазаларға соққы бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Иран жеріне жасаған өрескел шабуылға жауап ретінде Ислам революциясы сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштері "шынайы уәде 3" операциясының оныншы толқыны аясында Израиль агрессиясы басталған авиабазаларға жоспарлы шабуыл жасады", - делінген мәлімдемеде.
Ислам революциясы сақшылар корпусының мәліметінше, шабуылдар "үздіксіз, кешенді әрі көпдеңгейлі түрде" жалғасатын болады.
Иран қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал-майор Абдулрахим Мусави сейсенбі күні жасаған видеоүндеуінде осы уақытқа дейінгі соққылардың алдын ала ескерту сипатында болғанын, ал жазалаушы операциялардың жақын арада жүзеге асырылатынын айтты.
Мусави Израиль тұрғындарын, әсіресе Тель-Авив пен Хайфа қалаларындағы азаматтарды өмірін сақтау үшін бұл аймақтардан кетуге шақырды. Ол сонымен қатар, Иран халқы "ешқандай агрессия алдында бас имейтінін" қатаң қарсы тұратынын және Израильді "қылмыстық әрекеттері үшін" жазалайтынын баса айтты.
БАҚ мәліметінше, ислам революциясы сақшылар корпусы сейсенбі кешінде дрондар мен зымырандарды қолдана отырып, шабуылдың оныншы толқынын жүзеге асырған.