Қазақстандық ауыр атлет 3 әлем рекордын жаңартты

1577
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/s5iqWkM4hKWo7umeejhbyasjn4eO0IRFt16mEn37.jpg

Қазақстандық ауыр атлет Әлихан Әскербай Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ спортшы үш Азия рекордын және үш әлем рекордын жаңартты. Бұл туралы бүгін, 7 шілдеде Ұлттық олимпиадалық комитет жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қоссайыс қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші 310 (141+169) келіні еңсерді. Жасөспірімдер арасындағы жарыста ол бірінші орынға ие болды.

Сондай-ақ Әлихан Әскербай жастар арасындағы Азия чемпионатында да жүлдегер атанып, қола медальді еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін ел қоржынына екі медальді Ксения Прозорова салған болатын. Ол U17 санатында бірінші орынға ие болып, 20 жасқа дейінгі атлеттер арасында күміс жүлдегер атанды.

댓글
기타 기사