Алматыда пойыз төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

1146
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fflBCIwivV5af1FT3hyrv2pCXcVYdzohlpgsjtV7.jpg

Алматы-2 теміржол станциясында 15 жастағы жасөспірім пойыз вагонының төбесіне шығып, жоғары кернеулі тоқ соқты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 19 шілде күні сағат 18:55 шамасында болған.

Дәрігерлердің мәліметінше, бала тірі. Алайда денесін күйік шалғаны белгілі болды.

«Жолға өз еркімен шығу немесе жылжымалы құрамға жақындау әрекеттері адам өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтіруі мүмкін», — делінген ресми хабарламада.

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жұмыстары басталды.

댓글
기타 기사