Белгілі журналист Мұхтар Түменбай өмірден озды

3359
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/eIl5nmiU9dvlUrRyzHzyhNb53Nc0hRW67St5PdTw.jpg

Белгілі журналист Мұхтар Түменбай 55 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қайғылы хабарды әріптесі Серікқали Мұқашев жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Асылдың сынығы еді, тұлпардың тұяғы еді… Арамызда аңқылдап жүрген адал досымыз, әділетсіздік атаулыға қаны қас жаужүрек бауырымыз, белгілі журналист Мұхтар Түменбай досымыздан қапыда айрылып қалдық… Жүрегі кенет сыр беріпті. Бақұл бол, бауырым…»—деп жазды ол.

Мұхтар Түменбай 1970 жылы 11 тамызда дүниеге келген. Ол — белгілі жазушы Жақсылық Түменбаевтың ұлы. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Еңбек жолында  бірқатар басылым мен республикалық телеарналарда қызмет атқарған. «Qazaqstan» телеарнасындағы «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі ретінде көрерменге кеңінен танылды. Сондай-ақ ол — «Мәншүк. Әкеге араша түскен қыз», «Төрт қайсар», «Әлия. Ерлік алгоритмі» сынды соғыс қаһармандарына арналған деректі фильмдердің авторы.

댓글
기타 기사