Жетісудағы таулы аймақ өртеніп жатыр

1350
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NzZIldk8Fb8cu1orvwhHygo9u6ttx3ssM7YjvFR6.png

Бүгін, 26 шілдеде Жетісу облысы Алакөл ауданы Көкмойын шатқалында таулы жерлерде құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына ТЖД мен орман шаруашылығы қызметкерлерінен 90 адам және 10 техника бірлігі жұмылдырылған.

Әуеден сөндіру үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 су төгу құрылғысымен жабдықталған тікұшақ пайдаланылған.

«Таулы аумақ өрт сөндіру жұмыстарын күрделендіріп отыр. Қазіргі таңда құтқарушылар өртті оқшаулап, толық сөндіру бағытында жұмыстарын жалғастыруда»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Петропавлда жатақхана өртеніп, 42 адам эвакуацияланғанын жазған едік.

 

댓글
기타 기사