Куриль аралдары маңында 6,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

1050
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

Куриль аралдарының жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жер сілкінісі 3 тамыз күні Астана уақыты бойынша 11:37-де тіркелді.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулерінің магнитудасы 6,8-ге тең болған.

Сейсмикалық оқиға Петропавловск-Камчатский қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 270 шақырым жерде (Ресей, Камчатка өлкесі) және Солтүстік-Курильск қаласынан (Сахалин облысы) шығысқа қарай 115 шақырым қашықтықта орын алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Цунами қаупі жарияланбаған.

Айта кетейік, 30 шілде күні Камчаткада 8,8 магнитудалы жер сілкінісі болған еді. АҚШ-тың Геологиялық қызметінің дерегінше, бұл дүмпу аспаптық бақылау жүргізіле бастаған уақыттан бері тіркелген ең күшті жер сілкіністерінің қатарында. 

댓글
기타 기사