ҰҚК көлік вице-министрінің қамауға алынғанын растады

2168
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3th3zmVB1IusJcOsn8lI51lhwaFW4b6QYGBX5Eez.webp

Көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиев пара алу күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы бүгін, 4 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көлік вице-министрін пара алу күдігі бойынша ұстады. Сот санкциясымен ол қамауға алынды», – делінген хабарламада.

ҰҚК тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.

Еске салайық, 2 тамызда Көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиев парамен ұсталды деген ақпарат тараған еді.

Сәтжан Әйтенұлы 2023 жылдың 6 қазанында Қазақстан көлік вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметінің алдында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

댓글
기타 기사