Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты іс тоқтатылды

2374
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TQStQlxlrWfpeOZmoQC93s62cIF4xhNHLhAMh11i.jpg

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Нұрқанаттың ісі тоқтатылған. Алайда біз болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіреміз», – деді ол.

Өткен жылдың желтоқсанында Нұрқанат Ғайыпбаев Талғар маңынан өлі күйінде табылған болатын. Полиция оның өз-өзіне қол жұмсағанын айтып, өлер алдында туған-туыстарына жазған хатын жария еткен. Алайда марқұмның туыстары оның суицид жасағанына сенбейді.

댓글
기타 기사