Тарбағатайдан табылған алтын бұғы – Абай облысының жаңа кәдесый брендіне айналды

2519
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2PnPaF2y73B6RjoJ8WTsmVd6K2wr5dtBQJv9Rt27.jpg

Абай облысы, Ақсуат ауданы, Тарбағатай тауының Елеке сазынан табылған алтын бұғы мүсіні өңірдің кәдесыйлық брендіне айналды.

Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Мүсіннің бейнесі түркі халықтарының мифологиясында терең символдық мәнге ие. Бұғы – ежелгі түркілердің сенім жүйесінде аналық бастау, аспанмен байланыс, жол көрсетуші және шығу тектің нышаны ретінде қарастырылған. Ол түркі аңыз-әпсаналарында, ру таңбаларында, тіпті өнер туындыларында жиі кездеседі.

Археологиялық мәліметтерге сүйенсек, алтын мүсін VI ғасырға жатады. Бұл – Тарбағатай баурайындағы өңірдің ерте дәуірден-ақ өркениеттің ошағы, саяси-мәдени орталық болғанын дәлелдейтін құнды жәдігер.

"Өткенімізден сыр шертетін бұл жәдігер - өңірдің бай тарихының символы. Түркілік танымдағы ежелгі бұғы бейнесі әлі күнге дейін халық жадында жақсы сақталған", - деп жазды Берік Уәли.

Тарихқа толы Тарбағатай жерінен табылған алтын бұғы – ұлттың жады мен рухани мұрасын жаңғыртатын бірегей символ саналады.

댓글
기타 기사