Алматыдағы ботаникалық бақта екі ер адам аққуларға қатыгездік көрсеткен. Куәгерлер бұл жайтты видеоға түсіріп, TikTok әлеуметтік желісіне жариялаған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бейнежазбадан ер адамдардың құстарды мойнынан тартып, дөрекі әрекет жасап жатқанын байқауға болады.
Аталған оқиғаға байланысты Алматы қалалық полиция департаменті тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
«Алматы қаласындағы Ботаникалық бақ аумағында құсқа қатыгездік көрсету фактісі бойынша тексеру басталды. Аталған іс бойынша заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады. Өзге де мән-жайлар анықталуда»,—деді ПД баспасөз қызметі.