Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік алғаш рет ана атанды

1735
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WDTkf37EUxAAiaxqhyOwXMUHq6sCFfiLD9Xzeu55.jpg

Халықаралық гроссмейстер, шахматтан Қазақстан чемпионы Жансая Әбдімәлік тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Спортшы Instagram парақшасында жаңалығын жариялап, жүрекжарды жазбасымен бөлісті.

«Сен менің жүрегімнің астында тыныстап жатқан шағыңда-ақ, өзіңді әлі көрмесем де, жақсы көріп үлгеріп едім», – деп жазды шахматшы.

Жансаяның жұбайы – 2024 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесін басқарып келе жатқан Нұрахмет Нұриев. Жас жұбайлар 2023 жылы отау құрған.

댓글
기타 기사